Полиция 20 мыңға жуық нысанды лаңкестікке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етіп жатыр – ІІМ

7 Ақпан 2022, 11:10
2645
Бөлісу:
Полиция 20 мыңға жуық нысанды лаңкестікке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етіп жатыр – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің апталық брифингінде модератор Шұғыла Тұрлыбек айтты. 

Полиция 20 мыңға жуық нысанның лаңкестікке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етілуін бақылап жатыр. Бұл ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, халық жаппай жиналатын орындар, соның ішінде білім және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары бар. Тексеру барысында полиция қызметкерлері нысанның техникалық беріктігін, сондай-ақ жеке құрамның лаңкестік қауіп-қатерге ден қоюдағы білімі мен дағдысын тексереді, - деді Тұрлыбек.

Ол айтқандай, былтыр және биыл полицейлер осындай нысандардың иелері, басшылары мен қызметкерлері үшін 3,5 мың онлайн семинар мен тренинг өткізіп, онда лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндірді.

Сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіріп, апат болған жағдайда шаралар қолдануды үйретті. ІІМ ӨТО объектісін антитеррорлық қорғауды қамтамасыз ету үшін террористік акт немесе басқа да заңсыз әрекеттер қаупі төнген жағдайда нұсқаулар әзірленіп, барлық басшыға жолданды. Нұсқаулар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің ресми сайттарында орналастырылған. Айта кету керек, қолданыстағы заңнама ӨТО нысандарының меншік иелерін, басшыларын осы салада кадрлар даярлау үшін жеке ұйымдармен келісімдер жасасуға міндеттемейді. Мұндай нысандардың қызметкерлерінен лаңкестікке қарсы қауіпсіздік бойынша оқу курстарынан өткенін растайтын үшінші тұлғалардың сертификаттары талап етілмейді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы