Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілерінде хабарланды.
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары! Азаматтардың шетелде сатып алған және Қазақстан аумағына әкелінген автокөлікті тіркеу жөніндегі мәселелерді түсіндіру мақсатында 17 қаңтар күні сағат 10:00-де Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Алижан Мейрманов департаменттің әлеуметтік желілердегі Facebook және Instagram ресми парақшалары арқылы тікелей эфирге шығады. Бұл мәселе бойынша өз сауалдарыңызды қоюыңызға болады, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда 34-30-60 қауырт желісі мен +77751716819 WhatsApp номері жұмыс істейді.
Айта кетейік, 16 қаңтар күні қалада қырғыз және армян нөмірлері бар автокөлік иелерінің жиналысы өткен еді. Жүздеген автокөлік иелері шетелдік есепте тұрған автокөліктерді тіркеуге қатысты наразылығын білдірген болатын.
Шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты министр пікір білдірген болатын. Сонымен қатар, ІІМ осы мәселеге қатысты жүргізушілерге кеңес беруге дайын екенін айтты.