Полицейлер Павлодар қаласында төбесі құлаған ғимарат үйінділерінің астында қалған адамдарды құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 шілдеде ауа райы бұзылып, нөсер мен қатты желдің екпіні салдарынан Н. Назарбаев даңғылында орналасқан сауда үйі ғимаратының қаптамасы құлады.
Оқиға орнына келген полицейлер ғимаратты дер кезінде қоршап, адамдарды эвакуациялады, арнайы техника үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз етіп, құтқару іс-шараларына қатысып, үйінділер астында қалған адамдарды құтқарды, - делінген хабарламада.
Зардап шеккен екі ер адам ауруханаға жатқызылды.