Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады

28 Маусым 2023, 15:40
764
Бөлісу:
Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады
Фото: Polisa.kz

Халық арасында "құбыр" деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бестөбе кентінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіруге арналған орынды анықтады.

Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, ең бастысы заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі көкжиектеріне түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы