Полицейлер ала таяқтарын қайта қолға алады

31 Тамыз 2019, 16:39
1732
Бөлісу:
Полицейлер ала таяқтарын қайта қолға алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын хабарлағандай, Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне ала таяқты қайтару туралы мәселе көтерді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Осы жұмыс шеңберінде жұртшылықтың, жүргізушілер одағы мен көлік иелерінің пікірлеріне талдау жүргізілді, олар түнгі уақыттарда және жол нашар көрінетін кездері, әсіресе: - жол-көлік оқиғалары кезінде көлік құралдарын жолдан алу және кептелістерде, сондай-ақ жол-жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына өзгерту кезінде; - бағдаршамдар істен шыққанда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда және олардың салдарларының алдын алу кезінде жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқтарды қайтару мақсатқа сай деп есептейді" - делінген хабарламада.    

Жұртшылық реттеушінің нұсқаулары жол қозғалысына қатысушыларға тиімді және полиция қызметкрелерінің қауіпсіздігін арттырады деген сенімде.

Сонымен бірге ІІМ жол қозғалысы тәртібін бұзу фактілерін анықтаған кезде қолданыстағы тәртіп, яғни нұсқау қол арқылы беріледі немесе арнайы жарық-дыбыс сигналдары және дауыстағыш қондырғы арқылы беріледі, бұл ретте ала таяқ қолданылмайды.  

Ала таяқтарды қайтару процедурасы заңнамалық өзгерістер мен оларды сатып алуға бюджеттік шығындарды қажет етпейді.

Ертеңнен бастап, яғни 1 қыркүйектен бастап ала таяқ полицейлердің қолына қайта тиетін болады.

Өзгелердің жаңалығы