Полицейге екі мың ұсынған жүргізуші 250 мың теңге төлейтін болды

14 Қаңтар 2020, 21:23
1834
Бөлісу:
Полицейге екі мың ұсынған жүргізуші 250 мың теңге төлейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында полиция қызметкеріне 2000 теңге пара ұсынған жүргізуші 250 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Камаз жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, 595 баптың 1-бөлігі бойынша айыпты болған. Жүргізуші бұл айыбы үшін полиция қызметкеріне пара ретінде 2000 теңге ұсынған. Тәртіп сақшысы сол сәтте тиісті орынға хабар беріп, аталған фактіні бейнетіркегішке жазып алған.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары айыпты азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Енді жүргізуші заң бойынша200 АЕК мөлшерінде айыппұл, яғни 252 500 теңге төлейтін болады.

Өзгелердің жаңалығы