Көлікке мас күйінде отырған тараздық полицей қызметтен шеттетілді

11 Қаңтар 2019, 08:56
4055
Бөлісу:
Көлікке мас күйінде отырған тараздық полицей қызметтен шеттетілді

Астана, baq.kz. Көлікке мас күйінде отырған полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен шеттетілген.

2018 жылдың 5 қаңтарында әлеуметтік желілерді Полиция қызметкері У. Сексенбаевтың мас күйінде көлік айдап, жол апатын жасағаны туралы кінә тағылған видео тарады.

«Қызметтік тергеудің нәтижесіне сәйкес, Тараз қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі У. Сексенбаев жол-көлік оқиғасында белгілі болғандай, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды», - деп жазылған Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, оның тікелей басшылары – Жамбыл облысы Полиция департаменті ЖПҚ және Тараз қаласы Полиция басқармасының басшылары тәртіптік жазаға тартылды.



Өзгелердің жаңалығы