Боранда автоколоннаның алдында жүгіріп жол көрсеткен полицей ел ықыласына бөленуде

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайлық полицей Амантай Байжанов боранда автоколоннаға жол көрсету үшін оның алдында жүгіріп отырған.</h4>

 19 Ақпан 2021 2021, 10:29
19 Ақпан 2021 2021, 10:29
1934

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайлық полицей Амантай Байжанов боранда автоколоннаға жол көрсету үшін оның алдында жүгіріп отырған.

Видео облыстық Полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған.

Жүргізушінің сөзіне қарағанда, тәртіп сақшысы қарлы боранға қарамастан 10 автокөліктен тұратын колоннаның жолдан адасып кетпей, қалаға аман-есен жетуі үшін екі шақырымдай жүгіріп, жол көретіп отырған.

Мен полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Қалаға дейін жол көрсетіп келді. Дала боран, жол мүлде көрінбейді, - дейді рөлдегі ер адам.


Видеоның астына тұрғындар полицейге алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.


Наверх