Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәйдібек ауданының жергілікті тұрғыны жайылымда жүрген 13 бас жылқысын таба алмаған соң 102 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.
Оқи отырыңыз:
Бәйдібек АПБ қызметкерлері хабар түскен бетте жедел іздестіру шараларын бастап кетті.
Тәртіп сақшылары аудан аумағын мұқият тексеріп, куәгерлерден жауаптар алды.
Нәтижесінде 1 күн ішінде Шалдар ауылының оңтүстік беткейіндегі 4 шақырым жерде жайылып жүрген жылқылар табылды. Осылайша, жоғалған 13 бас жылқы өз иесіне тапсырылды.
Тәртіп сақшылары жылқыларымды күн-түнге қарамастан іздестіріп, тауып берді. Олардың арқасында малым дін аман табылды. Полицейлердің шын мәнінде жедел қызмет ететініне көз жеткіздім. Рахмет сіздерге, - деді мал иесі.
Өз кезегінде облыс полицейлері мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болу керектігін айтады. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, қажетінше ен салынып, таңбалануы тиіс. Мал қораларды да жақсылап қоршап, бекітіп, жарықтандырған жөн.