Полицейлер түркістандықтарды алдап 80 млн теңге алған күдіктіні ұстады

21 Қаңтар 2021, 13:00
1345
Бөлісу:
Полицейлер түркістандықтарды алдап 80 млн теңге алған күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алдап,  алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйелді  ұстады. 

Созақ АПБ-не жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша сырттай танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 4 500 000 теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен. Тәртіп сақшылар аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі бірден бастап кетті.  

Арызданушылардың шағымына сәйкес, болған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Созақ АПБ-ның тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен жайынан ұстады. Қазіргі таңда күдікті жас әйел қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция капитаны Асылмұрат Тұрсынбеков пен тергеуші полиция аға лейтенанты Досжан Жансейт бастаған тергеу тобы жан-жақты жұмыс жасап, күдіктіге жасаған қылмысты мойындату үшін нақты айғақтар мен дәлелдер тауып, әрбір істі терең әрі тиянақты зерттеу нәтижесінде бұл жайт анықталды. 

Сонымен қатар күдіктінің 50-ден астам осындай жайтқа қатыстылығы анықталды. Тәжірибелі тергеушілер күдікті азаматшаның жәбірленушілердің әрқайсысынан 350 мың теңгеден бастап, 4 550 000 теңгеге дейін алаяқтық жолмен ақша алып жүргенін анықтады. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 80 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда тергеу бөлімінің қызметкерлері күдіктінің бұдан басқа да жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. 

Өзгелердің жаңалығы