Алматы, BAQ.KZ. Қайнар ауылынадағы әскери қойманың өртенуіне байланысты тоқтап қалған пойыз жолаушылары Жамбыл облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жеткізіледі.
Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Қазіргі сәтте 500-ге жуық адам автобуспен Шу бекетінен Луговойға дейінгі тасымалдау орнына жеткізіледі. Сондай-ақ адамдары қауіпсіз жерге көшірілген елді мекендерде тонау деректерін болдырмас үшін полиция қызметкерлері тәулік бойы күзетеді. Ішкі істер органдарының қызметі қоғамдық тәртіпті сақтауға және зардап шеккен аудандағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, - делінген хабарламада.