Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласы полиция бөліміне жергілікті тұрғын есірткі затын аса ірі көлемде сақтаумен және сатумен айналысатындығы туралы ақпарат келіп түсті.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабы - «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеді.
Жедел-іздестіру іс шаралары барысында күмән туғызған көлік жүргізушісі күдікке ілінеді. Жедел уәкілдер көліктің ішін тінту кезінде 2 дана ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тауып, тәркілеп, сараптамаға жіберді, - делінген ақпаратта.
Сараптама нәтижесі бойынша есірткіге ұқсас заттың «марихуана» екені анықталды. Жалпы салмағы 15 грамды құрайды. Бугінгі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдікті бұрындары есірткі сатумен айналысып, жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта ұсталған ер азамат қамауда.
Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген, сондай-ақ, есіртікіні сақтау мен өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.