Алматы, BAQ.KZ. Алматылық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне теледидар сыйлады.
Жаңа жыл қарсаңында мұндай сыйлықты «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Алматы қаласы Медеу ауданының полиция қызметкерлері ұсынды.
Бұл балалар үйінде 79 бала тәрбиеленуде. Біз, әрине, алдын-ала басшылыққа қоңырау шалып, балалардың қажеттіліктерін білдік. Балаларға мультфильмдер, фильмдер және танымдық деректі фильмдер көруге мүмкіндік беру үшін үлкен теледидар сыйға тарту туралы шешім қабылданды. Біздің бөлімшенің жеке құрамы мен кәсіпкерлер дәстүрлі түрде осындай игі іс-шараға үлкен қуанышпен қатысты. Өткен күні біз балаларға мерекелік миссиямен бардық. Аяз атадан тәтті сыйлықтарды да табыстадық, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.Іс-шара соңында тәртіп сақшылары балаларға зор денсаулық, ұзақ өмір, жарқын болашақ және әрине, нағыз жаңа жылдық ертегі тіледі.