Қызметтік этиканы өрескел бұзған полиция бастығы қызметінен кетті

28 Шілде 2020, 16:52
2853
Бөлісу:
Қызметтік этиканы өрескел бұзған полиция бастығы қызметінен кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін қызметінен босатылды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің тәртіптік жарғыдан тыс қарым-қатынас дерегін білдіретін бейнежазба анықталды. Бұл Жамбыл облысы Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекқожаев екендігі де хабарланады.

Бұл оқиға 2020 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысының Сарысу аудандық полиция бөлімінде орын алған. Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеру жүргізілді. Қызметтік этиканы өрескел бұзғаны үшін Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Бекхожаев қызметінен босатылды, - делінген ведомство хабарламасында.




Өзгелердің жаңалығы