Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың ПД Жедел басқару орталығының бастығы Қайрат Раушанов азаматтардан өтініш қабылдауға арналған «Police 102» мобильді қосымшасы жайында айтып берді.
Ішкі істер министрлігі өз қызметінде цифровизацияны дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Тұрғындарға полицияны жақын және оның жұмысын қолжетімді ету үшін арыз-шағымдарды қабылдаудың көпарналы жүйесін енгізу қарастырылған, - деді ол.
Қайрат Раушановтың айтуынша, осы жылдың 1 ақпанынан бастап «POLICЕ 102» мобильді қосымшасы іске қосылған.
Бұл жүйе азаматтар үшін кез келген ыңғайлы әдіспен (қоңырау шалу арқылы, аудио, бейне-жүгінулер, мәтіндік мессенджердің көмегімен) жасалған қылмыс немесе құқық бұзушылық жөнінде Жедел басқару орталығы операторына тікелей оқиға болған жерден ақпарат беруге мүмкіндік береді. Жүйе операторға абоненттің геолокациясын, сондай-ақ оқиға орнында болып жатқан жағдайды көруге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді орталық бастығы.
«POLICЕ 102» мобильді қосымшасы АР-store и play-market дүкендерінде тегін жүктеп алуға болады.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдары өз қызметінде заманауи технологияларды максималды түрде пайдалануда, ал ең басты басымшылық әдеттегідей азаматтардың мүддесін қорғау және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға беріледі. Ол үшін Сіз жеке деректеріңізге сәйкес тіркеліп және оларды қолжетімді әдістермен растауыңыз қажет, бұдан кейін сіз ЖБО операторына бейне және аудиоқоңырау шалуды іске асыру мүмкіндігіне, сондай-ақ полицияға өтінініштеріңізді, арыз-шағымдарыңызды мәтіндік форматта фото, бейнематериалдарды қоса беру мүмкіндігіне ие боласыз, - деп толықтырды Қайрат Раушанов.
Сондай-ақ аталған мобильдік қосымшаның және интернет-порталдың көмегімен азаматтар өздерін қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап ала алады, бұл жедел орталықтардың операторларының жүктемесін азайтады.