Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Польшада еркін күрестен Вацлав Циолковский мемориалы басталды. Алғашқы жарыс күнінде 57, 70, 79, 86 және 97 келіге дейінгі салмақтағы балуандар өзара мықтыны анықтайды, деп жазады Olympic.kz.
Финалды кездесулер келісілген уақытқа жоспарланған.
Қазақстан сапынан Талғат Сырбаз (70 келі), Әлішер Ерғали, Серік Бахытқанов (97 келі) кілемге шығады.
9 маусым күні 61, 65, 74, 92 және 125 келіге дейінгі салмақтағы балуандар бақ сынайды.