Польша COVID-19 жағдайының өсуіне байланысты шектеу шараларын енгізді

18 Қазан 2020, 11:31
1307
Бөлісу:
Польша COVID-19 жағдайының өсуіне байланысты шектеу шараларын енгізді

Алматы, BAQ.KZ. Өткен күні Польшада бірден 9 622 адамнан коронавирус анықталған. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Пандемия басталғалы Польшада қауіпті індет 167 230 адамнан анықталса, 3524 науқас осы вирустан көз жұмған. 

Бұған дейін ел үкіметі жаңа шектеу шараларын енгізетінін мәлімдеген. Бүгіннен бастап мейрамхана, дәмхана және басқа да тамақтану орындарының жұмыс уақыты қысқармақ. Оған қоса бассейн, аквапарк пен спорт залдары жабылады. Қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 50 пайызға дейін азайтылады. 

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ел аумағы «сары» және «қызыл» аймаққа бөлінді. COVID-19 вирусы аз тараған жерлер «сары» аймаққа, ал коронавирус кең таралған жерлер «қызыл» аймаққа жатқызылды.

19 қазанна бастап ірі жиындар өткізуге тыйым салынады. «Сары» аймақта той және басқа да салтанатты шараларға 20 адам ғана қатыса алады, ал «қызыл» аймақта ондай шараларды өткізуге толықтай шектеу қойылған.

Өзгелердің жаңалығы