Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 12 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 188 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39 545, 412 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 351-ге жетті.