Пневмония неге көбейіп кетті?

21 Маусым 2020, 15:42
21801
Бөлісу:
Пневмония неге көбейіп кетті?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов онлайн брифинг барысында пневмониямен ауырғандар қатары неліктен көбейгенін түсіндірді.

Бұған дейін барлығы сырқатын тұмаумен байланыстырды. Үйде емделіп, өздігінен кетеді деген ой болды. Көпшілік коронавирус бұл биліктің ойдан шығарғаны деген ойда жүрді. Шын мәнінде пневмониямен ауырғандардың симптомдары коронавирусқа келеді. Асқындырған соң ғана ауруханаға келіп жатыр. Егер дер кезінде ем қабылдап, жауапкершілікпен қарасақ, жағдай басқаша болар еді, - деді Қалауов. 

Сонымен қатар, ол тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң ұстану қажеттігін айтты.

Біз эпидемиялық нормаларды сақтаған кезде ғана бұл індетті ауыздықтай аламыз. Бұл тек біздің облыста ғана болып жатқан жайт емес, әлемде болып жатқан жағдай. Соған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы осындай қиын кезде неліктен жұмыстан кеткенін түсіндірді.

Бас дәрігердің жұмыстан кетуін ешқандай нәрсемен байланыстырудың қажеті жоқ. Басқарма басшысы 19 маусым күні өзінің арызы негізінде жұмыстан кетті. Ол кісі бұл қызметте 3 жылдан екі мерзім қызмет етті. Мемлекеттік қызмет туралы заңның талабына сәйкес үшінші рет ол орында қалуға жатпайды. Ол сәйкес келетін басқа қызметке ауысуға немесе жұмыстан кетуі қажет болатын. 22 маусым күні осы орынға байқау жарияланады. Үміткерлер сұраныс берген соң заң талаптарына сәйкес жаңа басшы алдағы аптада анықталады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы