Питер Штурм Қызылордадағы теміржол сервисімен танысып шықты

15 Желтоқсан 2020, 14:39
1778
Бөлісу:
Питер Штурм Қызылордадағы теміржол сервисімен танысып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Қызылордадағы теміржол сервисінің сапасын тексерді.

Питер Штурм кезекті тексерісін «Батыс» өңірлік филиалының қызылордалық бөлігінде өткізді. Бұған дейін ол Алматы, Ақтөбе және тағы да басқа республика қалаларына атбасын бұрып, жағдаймен оқиға орнында танысқан болатын. Лауазымды орынға шілде айында тағайындалған жаңа бас директор Қазақстан бойынша жұмыс сапарына аттанды.

Питер Штурм Қызылордадағы теміржол сервисімен танысып шықты

Ең алдымен, ол интерьері жаңартылған «Қызылорда-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызының бортында болып қайтты. Штурм әрбір вагонды, әр купені аралап, жолаушылармен сөйлесіп, артынан журналистермен тілдесті. 

Питер Штурм жолаушылар сервисін жақсарту жөніндегі жұмыстар жағдайдың анализінен бастау алғанын айтты. 

- Біз компаниядағы көптеген затты жақсарта бастадық. Бұл бағытта жұмыс істеуді әлі де жалғастырып келеміз. Біз ай сайын жолаушылар арасында сауалнама өткізуді қолға алдық. Соңғы үш айда атқарылған істер клиенттердің көңілінен шығуда. Көптеген жолаушыға пойызбен саяхаттаған қатты ұнайды. Біз мұны мақтан етеміз.

- Сіз Қазақстанға келгенде қандай жағдайға аса ерекше мән берілді?

- Біріншіден, жағдайдың анализіне үлкен мән берілді. Біз компания әр клиенттің, жолаушылардың қызығушылығына бағытталуы керек деген мәмілеге келдік. Нақтырақ айтсақ, техникалық қызмет көрсетуді жақсартуды мақсат еттік. Бүгінде соған талпынып, жұмыс істеудеміз. Компаниямыз жолаушылар тасымалы саласында үздік атануы үшін барымызды саламыз.

Питер Штурм Қызылордадағы теміржол сервисімен танысып шықты

Сонымен қатар Штурм компания қызметкерлері оның басты әрі маңызды бөлшегі болып табылатынын айтты.

- Біздің жұмысшылар өте еңбекқор. Олар бір отбасы секілді жұмыс істейді.

- Қазақстанда жолаушылар сервисін жақсарту үшін техникалық шарттар бар ма? 

Еліміздің климаттық жағдайларын, өндіріс күшін, ерекшеліктерін ескере отырып, теміржол қызметінде нені жақсартуға болады?

- Көп нәрсені жақсартуға болады. Бұған дейін біз сөз еткен вагондарға техникалық қызмет көрсетудің өзін мысалға алар едім. Әуе билеттерін теміржолмен біріктіруге, пойыз жылдамдығын арттыруға, жолаушыларға кешігулер мен теміржолдағы жағдай туралы хабарлап отыруға болады.

Инспекция жүргізіліп жатқан сәтте біз жолаушылармен сөйлестік. Мәселен Гауһар Бәкімжанова Алматыда тұрады, бірақ Қызылордаға жиі келеді екен. Ол ішкі көрінісі жаңартылған пойыздарды ұнатқанын айтты. Барлығы таза.

- Егер сізде дәл осы қаражатқа ұшақпен ұшу мүмкіндігі болса, сіз нені таңдар едіңіз?

- Пойызды, онымен қорықпай жетуге болады.

Құрамды қарап шыққаннан кейін Питер Штурм жолаушылар вагондарын жөндеумен айналысатын «АГМ-Табыс» ЖШС-де болып қайтты. Қызылордадағы филиалдың директоры Құрманғазы Дәуітбаевпен бірге зауыттың барлық цехын аралаған Штурм өндіріс процесімен танысып шықты.

Питер Штурм Қызылордадағы теміржол сервисімен танысып шықты

Филиал директорының айтуынша, депо жылына 300 вагонға қызмет көрсетуге есептелген. Десе де олар түрлі сервис деңгейіндегі 350 вагонды жөндеуден өткізеді. Сонымен қатар қосалқы бөлшектерді де жеткізеді. Одан бөлек, олар дөңгелек жұптарын, тежегіш құралдарды, автотіркеуіштерді жөндеуден өткізу бойынша бүкіл батысқа қызмет көрсетеді. Келесі жылы компания жабдықты жаңартуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні зауыт вагондардың жаңа түрлерін, атап айтқанда, крюковтік және тверьлік вагондарды жөндейді.

Зауыт 300 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуде.

Қызылорда зауыты көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі Алматы вагон жөндеу зауытынан кейін екінші орында екендігіне баса назар аударылды.

«РемПассажирВагон» немесе «Прачка» өндірістік кооперативі қабырғаларында неміс маманының инспекция жүргізуі аяқталды.  

Вагон жөндеу шеберханасының жанындағы ғимаратта вагон жабдықтарына, басқаша айтқанда, жұмсақ алынбалы инвентарьларға қатысты түрлі қызмет ұсынатын кәсіпорын орналасқан.

Мұнда жолаушылар вагонына арналған мыңдаған төсек жабдығы жуылып, кептіріліп, үтіктеледі, кілем төсеніштері және т.б. Питер Штурм кір жуғыш машиналарды қарап шықты, бельгиялық үтіктеу агрегаттарының жұмысымен танысты, жастықтар мен көрпелердің сапасын бағалады.

Өзгелердің жаңалығы