Пірматов: Ұлттық банктің басты міндеті – халықты тұтынушыдан жинақтаушыға айналдыру

8 Тамыз 2022, 17:00
1244
Бөлісу:
Пірматов: Ұлттық банктің басты міндеті – халықты тұтынушыдан жинақтаушыға айналдыру

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені арттыру арқылы өзінің негізгі мақсаты – халықтың тұтынушылықтан – жинақтаушыға айналуына ынталандыру үшін теңгедегі депозиттердің тартымдылығын арттыруды көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылай деп сұхбат берген Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Орталық банктің алдында алда бір ғана мақсат тұрғанын, ол – қазақстандықтардың әл-ауқатын қорғау, азаматтардың кірісі мен жинақ қорын құнсызданудан сақтау екенін айтады. 

ҚҰБ басшысының айтуынша, қазірдің өзінде осыған дейін қабылданған шешімдердің жағымды аралық нәтижелері бар. Жыл басынан бері депозиттік база долларландырудың біршама төмен деңгейін сақтай отырып қайта қалпына келді, ал кейбір облыстарда отандық резиденттер теңгемен қор жинауға көше бастады. Осының өзі халықтың жинақтауға деген қабілетінің артқанын білдіреді. 

Банк жүйесінде депозит бойынша өсім бар. Ғаламдық белгісіздіктің күшейгеніне қарамастан, депозиттік ұйымдардағы салымдардың көлемі жылдық мәнде 8,1%-ға, яғни, 27,2 трлн теңгеге дейін өсті. Осы жылдың екінші тоқсанында базалық мөлшерлеменің артуынан нәтиже сезіле бастаған кезде-ақ жеке тұлғалардың теңгелік салымдары 6,1%-ға, заңды тұлғалардың салымы 4,4%-ға өсіп, депозит көлемі 2,7%-ға көбейді.

Ұлттық валютадағы депозиттерге қаражаттың қосылуы және валюталық депозиттерден салымдардың алынуы – депозиттегі долларланудың төмендеуіне ықпал етті. Мәселен, 2022 жылдың ақпан айындағы 38,4% жоғарғы шегінен маусымның соңына қарай 35,3%-ға түсті.

Ұлттық банктің дер кезінде қабылдаған шаралары макроэкономикалық тұрақтылық пен теңге активтерін сақтап қалуға ықпал етті, - дейді Ғалымжан Пірматов. 

Өзгелердің жаңалығы