Пірматов инфляцияның тәуекелдерін төмендету шаралары туралы айтып берді

15 Наурыз 2022, 09:40
1322
Бөлісу:
Пірматов инфляцияның тәуекелдерін төмендету шаралары туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов  Үкімет отырысында айтты.

Геосаяси тәуекелдердің іске асырылуы, жаһандық тауар жеткізу жолдары проблемаларының шиеленісуі, азық-түлік пен энергия ресурстары бағасының өсуіне байланысты әлемдегі сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі, бағамның әлсіреуі инфляцияның барынша жоғары динамикасының басты себебіне айналады, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Оның айтуынша, Ұлттық банк ел экономикасына сыртқы шок салдарының таралуын алдын алу, теңгеге қысымды төмендету және теңгедегі активтерді қорғау шараларын қабылдауда. 

Осы мақсаттар үшін биылғы жылғы 24 ақпанда Ұлттық Банк базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді. Геосаяси ахуал нашарлап, сыртқы тәуекелдердің жүзеге асуы жағдайында инфляция болжамы жоғарылау жағына қарай қайта қаралуда. Инфляцияның 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден жоғары болып қалыптасу тәуекелі артты, - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Оның айтуынша, осы жылғы ақпан айында жылдық инфляция барлық компоненттерінің қымбаттауы аясында 8,5%-дан 8,7%-ға дейін жеделдеді. 

Инфляцияға азық-түлік тауарлары үлкен үлес қосады, оларға бағаның өсуі 10%-ға дейін нан-тоқаш өнімдерінің, жармалардың, сүт өнімдер мен көкөністердің қымбаттауына байланысты жеделдеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,5%-дан 8,6%-ға дейін өсті. Ақылы қызметтер 6,8%-дан 7,1%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты, деді ол.

Өзгелердің жаңалығы