АҚШ Сауда министрі пингвиндер мен итбалықтар ғана мекендейтін аралдарға баж салығын енгізу шешімін қорғап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Херд пен Макдональд аралдарына салынған баж салығының мақсаты "ақылға қонымсыз заңды бұзушылықтарды" жою және басқа елдерге осы аралдар арқылы АҚШ-қа тауар жеткізуге кедергі жасау екендігін Говард Лютник BBC серіктесі CBS-ке берген сұхбатында айтты.
Өткен аптада Австралия билігі аралдағы тарифтерге қатысты таңданыс білдірген еді, себебі арал Австралиядан 4000 км (2485 миль) қашықтықта орналасқан.
Сауда министрі Дон Фаррелл ABC жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында баж салығын енгізу "шұғыл жасалған қадам" болғанын айтты.