Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.
Егер елімізге «Pfizer», «Moderna», «SinaVac» вакциналары жеткізілетін болса, өңірлерде оларды сақтайтын тоңазытқыш құрылғылары жеткілікті ме?
Маман қазақстандықтарды вакцинация жүріп жатқан пункттерде температуралық режим мұқият сақталатынына сенімді болуға шақырды.Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, «СҚ-Фармация» мекемесі тарапынан «суық тізбек» мониторингі жүргізіліп тұрады. Өңірлерге вакцина жіберу процесі де сол аймақтардағы тоңазытқыш құрылғыларының көлеміне сай атқарылатын болады. Бүгінде өңірлерде -18 С-пен қамтамасыз ететін тоңазытқыш камералары, термоконтейнерлер бар. Өзім де сарапшы ретінде өңірлерге шығып, осы «суық тізбек» мониторингін жүргізуге қатыстым, - деді ол.