Pfizer-ге қарағанда Спутник Лайтқа сұраныс жоғары болып тұр – эпидемиолог

3 Ақпан 2022, 12:14
1291
Бөлісу:
Pfizer-ге қарағанда Спутник Лайтқа сұраныс жоғары болып тұр – эпидемиолог

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологы Рандир Сахариев «Jetisý Media» алаңында өткен брифингте тұрғындарды ревакцинациялау жұмысы қалай жүріп жатқаны туралы баяндады.

Оның айтуынша, Алматы облысы медицина ұйымдарында қазір Pfizer, Спутник V, Sinopharm, QazVac вакциналары бар. Жақында жеткізілген Спутник лайттың 10 дозасы бірден бітіп қалыпты.  

Спутник лайтты медициналық ұйымдарға таратып беріп едік қазір, Талдықорғанда ол жоқ, оған деген сұраныс жоғары болып тұр. Денсаулық министрлігі Спутник Лайтты тағы сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл вакцинаға сұраныс жоғары болады деп ешкім ойламады. Pfizer-ге қарағанда Спутник лайтқа сұраныс жоғары болып тұр, – деді Рандир Сахариев.

Сонымен қатар ол қаңтардан бастап медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан азаматтарды Pfizer-мен ревакцинациялау басталғанын жеткізді. 
 

Өзгелердің жаңалығы