Pfizer-BioNTech 5-11 жастағы балаларға тиімді деп танылды

24 Қазан 2021, 19:15
56696
Бөлісу:
Pfizer-BioNTech 5-11 жастағы балаларға тиімді деп танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясына қарсы «Pfizer-BioNTech» вакцинасы балаларға тиімді. Бұл туралы Pfizer компаниясы мәлім етті.

Олардың айтуынша, аталған екпе 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға 90,7% тиімділік көрсткен. Осылайша, фармакологиялық компания АҚШ-тағы осы жас ерекшелік тобына жататын балалар арасында вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат алуға өтініш берді. АҚШ-тағы Дәрілік заттар бойынша федералдық агенттіктің сайтында жарияланған мәліметтер бойынша, әр жағдайда коронавирустан ауруханаға жату мен өлім-жітімнің алдын алуда вакцинаның тиімділігі тұрғысында балаларда жанама әсер байқалмаған.

Ал Pfizer таратқан ақпаратқа сай, екпенің вирустың симптоматикалық түрлеріне қарсы тиімділігі екінші дозаны салған соң арада сегіз күн өткенде 90,7 %-ды құраған. Айта кететін жайт, зерттеуге 5 пен 11 жас аралығындағы 2250 бала қатысқан, олардың 1500-і вакцина алған, ал 750-не плацебо салынған. Компания өкілдері вакцинациядан кейін ешқандай ауыр ауру мен мультиқабыну синдромы немесе миокардит, яғни жүрек бұлшықетінің қабынуы байқалмағанын алға тартты. Доза үлкен топтарға тағайындалатын 30 микрограммен салыстырғанда, балаларға арналған инъекцияға 10 микрограмм мөлшерінде бейімделген.

Бұдан бұрын компания дәрінің тиімділігі туралы емес, иммундық жауап туралы нәтижені ұсынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы