Петроповалда өрттен үйсіз қалған тұрғындар баспаналы болады

8 Мамыр 2023, 09:42
1008
Бөлісу:
Петроповалда өрттен үйсіз қалған тұрғындар баспаналы болады
Фото: iagorod.kz

Әзірге олар мектепке жайғастырылды. Эвакуациялық пункте баспанасыз қалған 20-дан аса адам бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оларға барлық жағынан көмек көрсетіліп жатыр. Төсек-орын, азық-түлік, керек жарақтың бәрі жеткізілді. Мамандар қазір шығын көлемін есептеуге кірісіп кетті.

Кеше кешке қалада қамыс жанып, 9 үйдің күлі көкке ұшқан болатын. Тілсіз жаумен күресуге 140 адам жұмылдырылды. Олардың қатарында әскерилер, теміржолшылар мен коммуналдық ұйым жұмысшылары да бар. Зардап шеккен тұрғындармен облыс әкімі Айдарбек Сапаров кездесті.

Екі - үш күн олар осы эвакуациялық пункті паналайтын болады. Кейін уақытша баспанамен қамтылатын болады. Тұрақты баспана мәселесін шешу бойынша арнайы комиссия құрылды. Мәселе міндетті түрде шешіледі, - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова

Бұған дейін Петропавлдағы 5-Сенная көшесінде қамыс өртеніп, жалынның жеке тұрғын үйлерге жайылған. Салдарынан 9 үйдің жанып кеткенін айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы