Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Петропавл қаласының тұрғындары Қарулы күштердің әскери қызметшілерін салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олар су тасқынымен күресте көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.
Бүгін елордалық арнайы мақсаттағы бригаданың 300-ден астам әскери қызметшісі тұрақты орналасқан жеріне оралады. Үш апта бойы Қазақстан армиясының әскери қызметшілері жергілікті тұрғындарды эвакуациялап, бөгеттерді нығайтты. Петропавл халқына ауыз су жеткізіп, жол полициясымен бірлесіп қала көшелерін қоршау бойынша жұмыс істеді, - делінген хабарламада.