Петропавлда жүргізуші масаң күйде жолаушыларды тасымалдаған

18 Тамыз 2022, 21:49
823
Бөлісу:
Петропавлда жүргізуші масаң күйде жолаушыларды тасымалдаған

Петропавлда жүргізуші масаң күйде жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Апаттылық жағдайына тікелей әсер ететін ЖЖЕ өрескел бұзуды анықтау – «Қауіпсіз жол» акциясы аясындағы полицейлердің басты міндеті. 

Масаң күйде басқару фактілерінің жолын кесуге басты көңіл бөлінеді. Таңертең 11 тамызда Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абай көшесінің бойында 30 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Lada-2170 автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан. Сондай-ақ көлік салонында төрт жолаушы отырған. Барлығынан алкогольдің иісі шығып тұрған. 

Медициналық куәландыру жүргізуші барлық таныстарын, олардың өмірі мен денсаулығын қатерге тіге отыра алкогольдік масаң күйде тасымалдағанын растады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды. Қазіргі уақытта ол әкімшілік қамауға алынды, бұдан бөлек келесі 7 жылға дейін оған рөльге отыруға тыйым салынды. 

19 тамыздан бастау алған акция кезінде облыста барлығы масаң күйдегі 27 жүргізуші ұсталды. Спирттік ішімдік ішкеннен кейін рөльге отыруға жол беретін кейбір жүргізушілердің өзіне деген сенімділігі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Барлық көлік жүргізушілерін жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға шақырамыз, — дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Өзгелердің жаңалығы