Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда 72 жастағы науқасқа бірегей операция жасалды. Германия, Ұлыбритания және Швейцврия елдерінен келген кардиохирургтар зейнеткердің жүрек клапанын ауыстырды.
Бұған дейін Қазақстанда мұндай ота жасалып көрген емес.
Шетелдік мамандар отандық дәрігерлерге операция жасау тәсілін көрсетіп, өз шеберліктерімен бөлісті. Енді жергілікті ақхалаттылар мұндай медициналық процедураны өздері жасайтын болады. Солтүстік Қазақстан кардиологиялық орталығында жылына мұндай 50-60 ота жүргізу жоспарланып отыр.
Бұл отаның бірегйлігі – бұрынғы синтетикалық клаппанның орнынына биологиялық материал пайдаланылады. Ол – бұқаның жүрек үлпершегінен жасалады. Оған науқастың ағзасы жылдамырақ үйренеді. 1 жыл дәрі-дәрмек ішіп, күтінгеннен кейін адам қалыпты өмірге оралады. Бұған дейін клапан ауыстыру операциясына 5 сағат уақыт кететін. Енді біздің дәрігерлер тесу арқылы ота жасау әдісін меңгеріп, алғаннан кейін небәрі 40 минут жұмсалады, - дейді СҚО Кардиогогиялық орталығының директоры Азамат Мағзұмов.
Алғашқы операция 1 сағаттан артық уақыт жалғасты. Науқас Нафиса Уразбахтина өзін жасқы сезініп тұрғанын айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді. Шетелдік мамандар отандық дәрігерлердің шеберлігін атап өтті.
Импалантация сәтті өтті. Қазақстандық дәрігерлер мұндай күрделі отаны жасауға дайын деуге болады. Оған тәжірибе жеткілікті екенін көзімізбен көріп отырмыз. Дегенмен заманауи қондырғылар, минхронизация жасайтын компьютерлік томографиялар керек-ақ, - деді ұлыбританиялық профессор Кейт Дж Олдройд.
Шеберік сағатына қатысқан дәрігерлерге арнайы сертификаттар табысталады. Оған Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Орал, Өскемен, Семей қалаларынан келген дәрігерлер қатысты. Мамандар өз өңірінде от жасауды жалғастырады.