Петропавлда жеке ауладағы өрт сөндірілді

20 Маусым 2024, 01:17
277
Бөлісу:
Петропавлда жеке ауладағы өрт сөндірілді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Петропавл қаласында құтқарушылар өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Орман шағын ауданында жеке аулада жалпы ауданы 90 шаршы метр гараждың жануы орын алды.

Құтқарушылардың күшімен өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда "112" нөміріне хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы