Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прокуратура шаралары арқасында «Зиксто» АҚ-ның жұмысшыларына еңбекақы төленді, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми сайты.
"Петропавл қаласы прокуратурасының шаралары арқылы «Зиксто» АҚ-ы зауытының шамамен 700 жұмысшысына сомасы 100 млн теңгеден астам еңбек ақы бойынша 2 айлық борыш төленді", - делінген таратылған ақпаратта.
Бұзушылықты анықтап, прокурорлар зауыттың жұмысшыларымен және басшылғымен кездесу өткізіп, еңбек инспекциясының әрекетін үйлестірді. Қабылданған шаралар арқасында еңбек ақы бойынша борыш төленді.