Петропавлда үш жаңа жатақхана ашылады

Бүгiн, 10:49
138
Бөлісу:
Петропавлда үш жаңа жатақхана ашылады

Петропавлда 3 жаңа жатақхана қолданысқа беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл бір жарым мың студентті қамтуға жеткілікті орын. Қазір оқу орындары өтініш қабылдауды бастап кеткен. Нұрай Құсанбек Петропавлға Семейден келіп оқуға түсті. Ол Манаш Қозыбаев атындағы университетте ақпараттық технология халықаралық бағдарламасы бойынша білім алады. Бірінші курс студенті жатақханаға да жайғасып үлгерді. 

Мен көп күткен жоқпын. Маған 10-15 минуттың ішінде дайындап берді. Мен келдім, өзімнің қағаздарымды өткіздім. Және маған бірден жатақханадан орын берді. Бірден сол күні барып орналастым, - деді студент Нұрай Құсанбек.

Биылдан бастап өтініштер онлайн қабылданады. Яғни, әр студент жатын орнын бұрынғыдай кезекте тұрмай сайт арқылы алдын ала алып қояды. Ал, университетте құжаттары қабылданып, жеке карточка беріледі. Бір төсек-орынның құны айына 11-15 мың теңге. 

Жалпы кезек онлайн кезек арқылы қабылдаймыз студенттерді. Жалпы біздің университетімізде 1365 орын берілген. Жатақханада орындар бар. 1353 өтінім берілген. Осы өтінімдерге қарағанда барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеміз деген ойдамын, - деді студенттермен жұмыс департаментінің менеджері Арайлым Дәукенова.

Биылғы оқу жылында қалада 3 жаңа жатақхана тапсырылады. Олар жиһаз, тұрмыстық техникалармен толық қамтылады. Осылайша, универитет студенттеріне қосымша бір жарым мың жатын орны пайдалануға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы