Петропавлда саяжайларды су басты

17 Сәуір 2023, 12:00
1742
Бөлісу:
Петропавлда саяжайларды су басты
PHOTO
Фото: автордан

Петропавлда саяжай учаскелерін су басты. Есіл өзені арнасынан асып, тасып жатыр. Қауіпті аймақта адамдар тұрып жатқан жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің Солтүстік Қазақстандағы тілшісі.

Есіл өзені тасып, «Черлябі-Новосібір» тас жолын басып қалды. Қазір Ресей бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Дегенмен, жолаушылар айналма жолмен қатынай алады. Ал саяжайларға өтуге тыйым салынған. Қауіпті аймақта тәртіп сақшылары мен құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқаруда. 

Петропавлда саяжайларды су басты

20-30 саяжайды су басты. Қазір нақты саны анықталуда. Петропавлда су басуы мүмкін саяжай қоғамдарында жаднамалар таратып, тұрғындарды құлақтандырдық. Барлығы 5 мың учаске иесі қамтылды. Бұл жерді жыл сайын су басады. Бір айда жер қайта құрғап, бағбандар жеміс-жидек егуге кіріседі. Алаңдауға негіз жоқ, - дейді Петропавл қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы Назымбек Елемесов. 

Петропавлда саяжайларды су басты

Өңірде бірнеше гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұр. Күн сайын Есіл өзеніндегі су деңгейі бірнеше рет тексеріліп, мониторинг жүргізіледі. Су басқан жол 20-шағын ауданды Заречный кентімен жалғайды. Мамандардың айтуынша, Есіл өзені Петропавлда сәуірдің 20-21 күндері шарықтау шегіне жетеді. Тұрғын үйлерді су басса, адамдар эвакуациялық пункттерге көшіріледі. Бірнеше мектеп дайын тұр. 

Петропавлда саяжайларды су басты
Өзгелердің жаңалығы