Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Ашық аспан астындағы орталық облыстық тарихи өлкетану музейінің ауласында орналасқан. Бұл жердің таңдалуы да тегін емес. Мұражай ғимараты 19 ғасырдың сәулет ескерткіші болып саналады, әрі мемлекет қамқорлығында. Тарихи деректерге сай бұл үйде көпес Стрелов пен кәсіпкер Аркельдің отбасы тұрған. Кешеннің бірнеше ғимараты бар. Енді, артқы ауласындағы дәлізде осы өнер орталығы құрылып отыр.
Мұнда 3 аймақ бар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының жәрмеңкесі, ересектер мен балаларға арналған үстел ойындары, «Шабыт» деп аталатын облыс суретшілерінің картиналары көрмесі, түрлі шығармашылық зоналар, «Шебер қолдар», робот техникасы, папперкрафт, поп-ап ойыншығы, ашық аспан астындағы кинозал, жас суретшілердің плэнері болады. Облыстық филармония және облыстық халық шығармашылығы орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы , театрландырылған көрністер қойылып, «Темір-Түмен» тарихи қалпына келтіру клубы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда тарихи ғимараттың жанында қонақтарымыздың ескі қаланың атмосферасын сезініп, шығармашылықтан ләззат алуына барлық жағдай жасап отырмыз, - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігінің директоры Гүлнәр Мұқышева.
Бұл орталыққа кіру тегін. Күндізгі сағат 15-00-ден түнгі 23-00-ге дейін жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытында осы жерге келіп, ойын ойнап, жергілікті шеберлердің шығармашылығымен таныса алады. Тіпті, шеберлермен бірігіп түрлі бұйымдарды жасауларына да мүмкіндік бар.
Ең бастысы, жас ақындар мен жазушылар осы алаңда өз шығармаларын оқыса, музыканттар өнерлерін ортаға салып, танылуына мүмкіндік алады дейді жоба авторлары. Бұл орталық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.