Петропавлда жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Белгілі болғандай, қаладағы жеке тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда өртенген.
ТЖД күшімен ер адам үйден ес-түссіз күйде эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді. Үйден 3 газ баллоны шығарылды.
Өрт сағат 23-43-те сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.