Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавл қаласында "Менің туым" акциясы аясында тұрғындарға 500 жалау үлестірілді. Бұл жұмысқа 20 ерікті жұмылдырылды.
Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған акция Петропавл қаласының ҚР Конституциясы көшесіндегі орталық алаңында басталды. Бұл жерде қашан да адым аяғы көп жүреді. Сондықтан ұйымдастырушылардың таңдауы аталған ауданға түскен.
Бүгін мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған акцияға атсалысуды жөн санадық. Біздің еріктілер – өз елінің нағыз патриоттары деп ойлаймын. Өз елтаңба, туымыз барын мақтан тұтамыз, - дейді Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Азат Мұхаметжанов.
Акцияны өткізуге үлес қосқан жастардың қатарында Валерия Сивошенко да бар. Студент өзіне осындай жауапты іс тапсырылғанына қуаныш білдірді.
Бүгінгі мерекенің біздің ел үшін орны бөлек. Біз алаңда жалау ұйымдастырып жүрміз. Тұрғындарды мерекемен құттықтап, акция туралы айтып, тарту
жасап жатырмыз. Барлығы қуанышпен қабылдап жатыр, - дейді ерікті Валерия Сивошенко.
Жастар мерекемен құттықтап, қолыма Қазақстанның туын ұстатты. Мерекені сезініп, көңілім бір көтеріліп қалды. Бұл жай ғана көк ту емес, біздің егемен ел екеніміздің нышаны. Мемлекеттік рәміздер құрметке, қастарлеуге лайық. Өскелең ұрпақтың осыны ұғынып, акцияға белсенді қатысып жатқандығы қуантады, - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Зураш Тортаева.
Акция аясында қала тұрғындарына жүздеген жалау сыйға тартылды.