Петропавлда қоладан жасалған Лениннің ескерткіші 9 млн теңгеге саудалануда

24 Наурыз 2021, 14:57
1830
Бөлісу:
Петропавлда қоладан жасалған Лениннің ескерткіші 9 млн теңгеге саудалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда биіктігі 3,5 метр қоладан жасалған Лениннің ескерткіші сатылатыны туралы OLX сайтында хабарлама пайда болған. Бұл туралы Петропавловск.news сайты хабарлады.

Ескерткіш иесінің айтуынша, оның салмағы 1400 келі.

Басылымның жазуынша, ескерткіш иесі мұндай құнды экспонаттың қайдан алғынан айтудан бас тартып, ескерткішті түрлі-түсті металл сынықтары ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын айтқан.

Ленин ескерткішінің бағасы 1 600 000 теңге мөлшерінде көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде бұл сома рубльмен көрсетілгені туралы айтылған. Ұлттық валютаға айналдырғанда, бұл шамамен 9 млн теңге (8 830 208 теңге). 

Петропавлда қоладан жасалған Лениннің ескерткіші 9 млн теңгеге саудалануда

Тұғырда «КСРО Көркемсурет қоры, Мытищи көркем құю зауыты» деген таңба бар.

Егер ескерткіш шынымен қоладан жасалған болса, онда оның түсті металл сынықтары нарығындағы құны шамамен 2 миллион теңгені құрайды, салмағы 1400 келі. Тағы бір нәрсе, мұндай сауданың қаншалықты заңды екені күмән тудырады, - делінген мақалада.

Өзгелердің жаңалығы