Петропавлда ер адам бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған

21 Қыркүйек 2023, 07:25
1608
Бөлісу:
Петропавлда ер адам бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған
Фото: видеодан кадр

Петропавлда әйелімен жанжалдасып қалған соң бір жасар баласын терезеден лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қыркүйек күні сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласында "ПБ Маяковского, 93" мекенжайында орналасқан жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді.

ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке СҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.
2023 жылы туған қыз бала, алдын ала мәлімет бойынша, зардап шекпеді. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.

Ұсталған азамат — СҚО-ның 23 жастағы тұрғыны, өзі масаң күйде болған. Бірге тұрып жатқан 21 жастағы әйелі екеуі жанжалдасып қалған. Ер адам ортақ кішкентай нәрестені терезеден лақтырамын деп қорқытқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы