Петропавлда Береке шағын ауданындағы өрт орнынан 5 адамның мәйіті табылды

13 Наурыз 2022, 12:17
1603
Бөлісу:
Петропавлда Береке шағын ауданындағы өрт орнынан 5 адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы 13 наурызда сағат 01:07 СҚО ТЖ департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 101 телефонына Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі кірпіш тұрғын үйде (Береке шағын ауданы) өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сөндірушілер сағат 01:13-те келген сәтте үйдегі № 3 пәтер жанып жатқаны анықталды. Үйдің шатыры өртке оранған,  қою түтін басқан. Өрттің шығуы туралы хабарлама құзырлы органға кеш берілген.

Петропавлда Береке шағын ауданындағы өрт орнынан 5 адамның мәйіті табылды

Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кіріскен. Өртті сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылдары туған екі ер адамның және 1960, 1967 жылдары туған 2 әйел адамның денелері табылды. Қайтыс болған адамдардың  денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Өрт сағат 01.53-те ауыздықталып, сағат 02.24-те сөндірілді.

Петропавлда Береке шағын ауданындағы өрт орнынан 5 адамның мәйіті табылды

Өрт сөндіру кезінде Петропавл қаласы 4 өрт сөндіру бөлімінің (№1, 2, 3 және 5) 30 өрт сөндірушісі мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады. 
Өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Келтірілген шығын мөлшері анықталуда. 2022 жылғы 1 ақпанда №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аула аралау жұмыстары барысында өртте қайтыс болған ер адамдардың  бірі, 1960 жылы туған ер адамға өрт қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама табыс еткен болатын. Қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатпайды, спирттік ішімдік ішетін адамдар ретінде есепке алынбаған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шығар алдында қайтыс болғандар спирттік ішімдік ішкен. Биылғы жылы СҚО аумағында 115 өрт болды, онда 12 адам қаза тапты, 4 адам зардап шекті, келтірілген материалдық шығын шамамен 72 млн теңгені құрады.

ТЖМ  азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы