Петропавлда әйел адам жылу құбырларының арасында қысылып қалды

ТЖМ өкілдері тұрғындарды инженерлік құрылыстардың маңында абай болуға және жетуі қиын жерлерге өз бетінше кіруге тырыспауға шақырды.

24 Қараша 2026, 08:32
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 24 Қараша 2026, 08:32
24 Қараша 2026, 08:32
101
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавл қаласында әйел адам жылу трассасының құбырларының арасында қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары әйелді жетуі қиын жерден шығарып алып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ өкілдері тұрғындарды инженерлік құрылыстардың маңында абай болуға және жетуі қиын жерлерге өз бетінше кіруге тырыспауға шақырды. Қауіпті жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх