Петропавлда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

12 қарашада Украинская көшесінде ВАЗ-21154 автокөлігінің жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisi.kz-ке сілтеме жасап.

 Фото: Polisia.kz 13 Қараша 2022 2022, 18:18
13 Қараша 2022 2022, 18:18
1556
Фото: Фото: Polisia.kz

12 қарашада Украинская көшесінде ВАЗ-21154 автокөлігінің жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды  BAQ.KZ Polisi.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы әйел дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды.

Медициналық куәландыруға сәйкес ВАЗ-21154 жүргізушісі мас емес.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материал қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізу және тиісті шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

10 айда СҚО жолдарында 258 жол апаты тіркелді, салдарынан 42 адам қаза тауып, 365 адам жарақаттанды.

Наверх