"Петропавл" атауы неге өзгермейді? Облыс әкімі жауап берді

Бүгiн, 13:48
214
Бөлісу:
"Петропавл" атауы неге өзгермейді? Облыс әкімі жауап берді
Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Үкімет кулуарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атын Қызылжар деп өзгертуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкім ең алдымен, халықтың пікіріне назар аударатынын айтты. Оның сөзінше, қажет жағдайда қарастырылмақ.

Меніңше, бұл бүгінгі таңда (мәселе) маңызды емес. Өйткені бізде абаттандыру, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік дамуға қатысты басқа да көптеген проблема бар. Қазіргі таңда әлеуметтік мәселелер екі еселеніп кетті. Иә, Петропавл атауын өзгертуді қалайтындар бар. Сосын қазір емес дейтіндер де жетерлік. Бірақ мұның саясатқа қатысы жоқ, – деді Нұрмұхамбетов.

Өзгелердің жаңалығы