Петицияға 45 мың адам дауыс берді: Уақыт белдеуі қалпына келе ме

5 Маусым 2024, 14:20
295
Бөлісу:
Петицияға 45 мың адам дауыс берді: Уақыт белдеуі қалпына келе ме
Фото: pixabay.com

Бұл сұраққа Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда уақыт белдеуіне қатысты петиция 45 мыңнан астам дауыс жинады. Бұған дейін 50 мыңнан асса, уақыт белдеуі өзгеретіні айтылды. Межеге жеткен кезде уақыт белдеуін өзгерту қалай жүргізіледі? - деп сұрақ қойды журналист.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин сұраққа жауап берді.

Петиция 50 мың дауыс жинаған кезде біз арнайы жұмыс тобын құрамыз. Мемлекеттік органдармен, сарапшылармен бірлесіп қарастырамыз, - деді ол.

Жұманғарин “Уақыт белдеуінің өзгеруі шын мәнінде мүмкін бе?” деген сұраққа ойын айтты.

Ең алдымен петицияның 50 мың дауыс жинағанын күтейік. Сол кезде жұмысты бастаймыз, - деп қысқа қайырды ол.

Өзгелердің жаңалығы