Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перудың экс-президенті Алехандро Толедо АҚШ-та ұсталды. Ол өз елінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталып, оған іздеу жарияланған. АҚШ Перудің өтініші бойынша саясаткерді қамауға алған. Бұл туралы TASS агенттігі хабарлады.
"Бас прокуратура экс-президент Алехандро Толедо Манрике бүгін таңертең экстрадициялық сұрату бойынша АҚШ-та қамауға алынғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
2017 жылдың ақпанында Перу соты 2001 жылдан бастап 2006 жылға дейін мемлекет басшысы болып қызмет еткен Толедоны қамауға алу туралы үкім шығарды. Ол Бразилияның Odebrecht құрылыс корпорациясымен заңсыз келісімшарт жасасу және жемқорлық бойынша іс қозғалды.
Тергеушілердің дерегі бойынша экс-президент пен оның әкімшілігіндегі шенділер бразилиялық компаниядан 20 млн доллар көлемінде пара алған. Odebrecht корпорациясы параны ірі автомагистраль құрылысы бойынша тиімді келісімшартқа қол жеткізу үшін берген.
Алехандро Толедоға бірден іздеу жарияланған, бірақ оған дейін экс-президент өз елін тастап, қашып үлгерген.
El Comercio газетінің мәліметінше, Толедо 2013 жылдың өзінде АҚШ азаматтығын алып алған.