Перуде жанартау оянды

4 Шілде 2023, 18:52
583
Бөлісу:
Перуде жанартау оянды

Перуде Убинас жанартауы оянды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті билік қауіптің "қызғылт-сары" деңгейін жариялады. Егер жағдай ушықса, жүздеген адам эвакуациялануы мүмкін. 

Мокегуа аймағында бұл жанартау соңғы рет 2019 жылы оянған еді. Сол кезде жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының барлығы қауіпсіз жерге көшірілген болатын. 

Жалпы Перуде ондаған белсенді жанартау бар. Мемлекет Тынық мұхитының шеңберінде орналасқандықтан, елде жиі жер сілкінісі болып тұрады.

Өзгелердің жаңалығы