Перуде төтенше жағдай жарияланды

15 Қаңтар 2023, 18:08
1179
Бөлісу:
Перуде төтенше жағдай жарияланды
Фото: euronews.com

Перу билігі ел астанасы мен бірқатар өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Бүгіннен бастап 30 күнге жалғасатын ТЖ Пуно, Куско, Лима департаменттері, Кальяо конституциялық провинциясында, Андауайлас провинциясындағы Апуримак департаментінде, Тамбопата мен Тауаману провинциясында, в  Мадре-де-Диос департаменті және Тората округінде, Мокегуа департаментіндегі Марискаль Ньето провинциясында жарияланды. Перудің ұлттық полициясы қарулы күштердің көмегімен ішкі тәртіпті бақылауға алды, - деп жазды үкіметтік  El Peruano газеті. 

Перудегі толқындар 2022 жылы 8 желтоқсанда басталған. Ол кезде ел президенті оның импичменті туралы мәселені қарамақ болған парламентті таратқан еді. 

Кейінірек президент ұсталып, сот алдында бүлік пен астыртын әрекеттер бойынша айыпталып, сот алдында жауап берді. 

ТЖ режимі бірінші рет елде былтыр желтоқсанда жарияланып, туристер Перуден шыға алмай қалды. 

Бірнеше оқиғадан соң Перу халқы тағы да наразылыққа шықты. Жаппай наразылық кезінде кем дегенде 12 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. 17 адам әуежайды басып алуға тырысқан кезде мерт болған.  

Өзгелердің жаңалығы