Перу полициясы іздеуде жүрген жергілікті күдікті мен халықаралық қылмыстық топтың 31 мүшесін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Оларды қолға түсіру операциясы ел астанасы Лимада, Анд пен Амазонка аймақтарында жүргізілді. Оған 500-ден астам полиция қызметкері мен 50 прокурор қатысты.
Эль-Трен-де-Арагуа деп аталатын қылмыстық топ ұрлау, тонау, зорлау сынды ауыр қылмыстармен айналысады. Осыған байланысты полиция қызметі "Дирго-2023" атты ауқымды шараны қолға алып, ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Қазір оларға адам саудасымен айналысу, кісі өлтіру істері бойынша айып тағылып отыр, - деді Перу президенті Дина Болуарте.
Оқи отырыңыз: