Анықтама

Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы

1586
2fd14165aad4905451ecab9e819ec0ac-896x672.jpg

Қазіргі лауазымы: «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті


Туған жылы: 1963 жылы туылған,

Білімі: 1985 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін «тарих»» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл қаласындағы №10 орта кәсіби-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған.


№45 орта мектебінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Тараз қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.


2017 жылдың маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылдан бері ҚР Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті болып тағайындалды

Бөлісу: