Анықтама

Құрманғалиева Аида Дәденқызы

1181

Қазіргі лауазымы: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы


Туған жылы: 1970 жылғы 30 желтоқсан

Туған жері: Қызылорда облысында дүниеге келген.

Білімі: 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Дьюк Университетінде (АҚШ) және Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) оқыды.


1993 - 1997 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің экономисі.


1997 – 2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді.


2002 – 2009 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау және әлеуметтік саланы дамыту департаменттерінің директоры.


2009 -2013 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.


2013 жылғы 6 ақпаннан бастап 2014 жылғы тамызға дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.


2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

2017 жылдан 2021 жыл аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы 

2021 жылдан бері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы

Қызметі үшін ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Құрмет грамотасымен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бөлісу: